Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жолаушы есірткі саудагерлері қамауға алынды

2 364 рет қаралды

Индер аудандық соты есірткі саудагерлерін 2 ай қамауға алуға санкция берді.

Қызылорда облысының екі тұрғыны ҚР ҚК-нің 297-бабында қарастырылған қылмысты жасады деп күдіктелуде. Индер аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, жүргізілген сараптама нәтижелері тәркіленген есірткілік зат кептірілген марихуана екендігін көрсетті. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 5,5 келідей құрады. Бұдан басқа, тергеушілердің пікірінше, күдіктілерден есірткіні сатудан түскен 1,2 млн теңге тәркіленді.

Сот қаулысымен 2 айға «қамауда ұстау» түрінде бұлтартпау шарасына санкция берілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

16 қыркүйек 2016, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.