Атырау, 5 желтоқсан 13:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мас болсаң, жазасын ал

2 247 рет қаралды

Жылыой аудандық соты жүргізушіні қоғамдық жұмыстарға тартты.

Іс материалдары бойынша, бұрын көлікті мас күйде жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған Құлсары тұрғыны М. осындай заң бұзушылықты қайталаған. Оның «Опель Вектра» көлігіне жол-патруль қызметі бірден күдікпен қарайды – оның көлігі жол бойымен қисалаңдап бара жатқан. Сот үкімімен сотталушы М. ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-тармағы (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша кінәлі деп танылып, 60 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
16 қыркүйек 2016, 11:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.