Атырау, 28 қараша 10:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Атыраудың қақ ортасындағы мұнай тербелмесі

Сурет Бейнежазба
4 956 просмотра

Мұнай өндіру саласының символы тербелме-станок еуропалық бөліктегі орталық көпір табанындағы шағын жасыл аралда орнатылған.

Өзінің 376-шы туған күні қарсаңында Атырау мұнай тербелмесіне ие болды. Неліктен екені белгісіз, атыраулық емес жанның әрқайсысы байырғы тұрғынды артқы ауладағы тербелме туралы әзілмен қағытып алғанды өз борышы деп санайды. Біздікілердің жауабы мынадай – қолда бар материалдардан жасалған макет емес, қаланың қақ ортасында нағыз тербелмеміз бар. Бұл да жаман емес.

Мұнайлы астана дейміз, алайда мұнай өндіруге қатысты бірде-бір ескерткіш жоқ. Сондықтан, осындай шешім қабылданды. Біз «Ембімұнайгаз» АҚ-на жүгіндік. Компания бізді қолдап, өз тербелмелерінің бірін тарту етіп, оны өздері орнатып берді. Ескерткіш қозғалыста болады – тербелме механикалық тартпа көмегімен әдеттегі тербелме жұмысын көрсететін болады, - деді қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ. Тербелме тәулігіне 24 сағат «жұмыс істейді», түнде құрылымға жарық түсіп тұрады.


Бұл өндіріс есебінен шығарылған СК-5 сериясының шынайы тербелме-станогы. Станоктың биіктігі – 4 метр, жүк көтергіштігі – 5 тонна. Әкім орынбасарының айтуынша, ескерткішті орнату кезінде бюджет бірде-бір теңгесі де жұмсалмаған. Учаскені абаттандырудың бүкіл жұмысын «Құрманқұрылыс» компаниясы өз мойнына алған. Ол шағын аралдың периметрі бойынша 200-ден астам арша ағашын отырғызбақ және ол тамшылатып суарумен қамтамасыз етілетін болады.

Жаңа нысан айналасындағы дуал 8 қазанда атап өтілетін Қала күні қарсаңында алынып тасталады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН
16 қыркүйек 2016, 00:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.