"АЖ" мұрағатынанҚыркүйектің басында Сәтпаев даңғылындағы көлік жолының бойында жүргізіліп жатқан жұмыстарға орай орын алған қолайсыздықтар нөсер суларын бұру жүйесін орнатуға байланысты туындап отыр.
Жол бетіндегі суларды бұру жүйесі орталық көпірден бастап Құрманғазы көшесімен қиылыстағы жол түйініне дейін бүкіл даңғылдың бойымен созылады.
– Осының арқасында жаңбыр мен еріген қар сулары орталық қалалық кәріз жүйесіне құйылатын болады, - деді ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ.
Мердігер «Атырауинжстрой» нысанды 17-18 қыркүйекке қарай тапсыруды жоспарлап отыр.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА