Қалалық әкімдік өз сайтында 20 қазанда қалалық және қала маңына жүретін қоғамдық көліктерге қызмет көрсету тендері өткізілетіндігі туралы хабарлама таратты.
Тендерге 12 лот қойылған: №3 «Атырау ы/а - СМП-163» маршруты; №5 «Құрсай –Дина базары» маршруты; №11 «Жұмыскер поселкесі - Өркен ы/а - Авангард ы/а – Атырау ы/а – Дина базары» маршруты; №15 «Сарықамыс ы/а – Мұнайшы ы/а» маршруты»; №22 «Мұз сарайы – Нұрсая ы/а – Дина базары» маршруты; №51 «Тасқала ауылы – Дина базары» маршруты; №52 «Еркінқала поселкесі – Авангард м/а» маршруты; №53 «Бесікті ауылы – Ақсай ауылы –Дина базары» маршруты; №54 «Дина базары – Бірлік поселкесі - Новокирпичный поселкесі» маршруты; №55 «Дина базары – Алмалы ауылы» маршруты; №59 «Т/ж вокзалы – Геолог поселкесі – Теңдік ауылы» маршруты; №65 «Авангард ы/а - Балықшы поселкесі - Ширина поселкесі - Құрсай поселкесі - Водников поселкесі – Көкарнаауылы» маршруты.
Конкурсқа меншік түріне қарамастан, меншік құқығында немесе басқа заңда негізде автокөлік құралы бар жеке және заңды тұлғалар қатысуға құқылы. Жазбаша өтініштер Азаттық даңғылы, 101А (қалалық ТКШ бөлімінің ғимараты), №16 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады (тел. 8 (7122) 25-44-59).
Тендерлік құжаттар алуға өтініштерді қабылдау мерзімі 30 қыркүйекте сағат 17-де, ал тендерлік құжаттарды қабылдау мерзімі – ағымдағы жылдың 7 қазанында сағат 17-де аяқталады.
- Лоттар тізімінде тек №22 маршрут қана жаңа, қалған басқалары қолданыстағы маршруттар, - деп түсінік берді қалалық әкімдіктің ТКШ, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің көлік секторының басшысы Қуаныш ИБРАГИМОВ. – Автобус маршруттарын ашу оңай, бірақ жылжымалы құрамның тапшылығы салдарынан пайдалану қиын болып отыр. Қаладағы 30 автобус маршрутын 7 тасымалдаушы-компания атқарады, оларда 316 автобус бар.
Ал, №№3 және 15 автобус маршруттары бірнеше айдан бері қолданыста жоқ.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ