Кәріз жүйесіне жаңбыр және еріген қар суларын бұру құбырын жүргізуге байланысты 17 қыркүйек сағат 8.00-ден 18 қыркүйек сағат 20.00-ге дейін Сәтпаев даңғылының екі жағындағы (жұп және тақ бөліктері) көлік қозғалысы – «Рубин» дүкенінен орталық көпір түбіндегі жол түйініне дейін ішінара шектеледі.
№4 қалалық «Нұрсая ықшамауданы – “Дина" базары», №12 «Авангард – Балықшы», №14 «Авангард – Вокзал», №30 «Авангард – Жеңіс бағы – Жилгородок», №30А «Авангард – Жеңіс бағы – Жилгородок – Балықшы – Нұрсая», №21 «СМП-163 – ескі Әуежай» және №64 «“Дина" базары – Жұмыскер п.» маршруттары Авангард жақтан Құлманов көшесінің бойымен – Құрманғазы көшесінен Ерниязов көшесіне дейін жүретін болады.
Привокзальный жақтан келетін қалалық маршруттар қозғалысы Владимирский көшесімен, Луговой көшесімен («Мерей» базары), Құрманғазы көшесімен әдеттегі сызба бойынша жүреді.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.Атырау қаласының әкімдігі