Атырау, 28 қараша 10:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

"Митингке рұқсат болмаса, сыпырып тазалаймыз"

2 077 просмотра

Image 0Қала әкімі азаматтық белсенді әрі құқыққорғаушы Әсел НҰРҒАЗИЕВАНЫҢ тергеу изоляторында қамауда жатқан Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНДЫ қолдау митингісін өткізу жөніндегі өтінішін қабыл алмады.

Митинг өткізуге 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында (митинг 17 қыркүйекке жоспарланған) санитарлық тазарту жариялап, сенбіліктер тағайындау жөніндегі қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ қабылдаған шешімге сілтеме жасалып, тыйым салынған. Осылайша, 2 ай бойына суық түскенге дейін қалалық әкімдік қаладағы алаңдар мен бақтарды қарқынды түрде тазартатын болады.

Нұрғазиева митингке қатысуға атыраулық «Ақжаулықты аналарды» тартуды жоспарлаған. Оның идеясы бойынша, олар Боқаев пен Аянның аналарымен бірге екенін білдіру үшін қолдау белгісі ретінде ақ орамал таға алады.

- Мен қала әкімінің қаланы тазарту жөніндегі ниетін қолдаймын. Әкімді толықтай қолдаймын, алайда, бұл әрине, маған оның шешіміне қатысты сотқа шағымдануыма кедергі келтірмейді. Өйткені, біз Атырауды тазартатын уақыт болғанымен келісеміз, 17 қыркүйекте біз де, қаланың бей-жай қарай алмайтын тұрғындары ретінде сенбілікке шығамыз. Ақ орамалмен және қолдарымызға сыпырғыш ұстап, Жеңіс бағын лас-қоқыстан тазартатын боламыз.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

13 қыркүйек 2016, 23:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.