14 қыркүйекте Самал ықшамауданында «Гелиос» ЖШС-нің жанар-жағармай құю бекетінің аумағынан көлік жолын салу жұмыстары басталады.
Естеріңізге салсақ, көктемде Самал-1 және Самал-2 ықшамаудандарының тұрғындары үйлерінің дәл түбінен жанармай құю кешенін салуға қарсы шыққан еді. Ең алдымен бұл кешен екі ықшамаудан арасына салынған және Бейбарыс орталық даңғылына апаратын жолды жауып тастайды. Бұл жолды екі ықшамауданның тұрғындары өз қаржыларына салған. Аудан тұрғындарының бірі Аслан АСҚАРОВТЫҢ айтуынша, олардың 11-ші көшесіндегі өткел басқаларынан кең. Өйткені, бастапқыда жоспар бойынша жол салу жобаланған. Екіншіден, осы көшенің бойынан орталық кәріз жүйесі жүргізілуі тиіс еді.
«Гелиос» ЖШС АФ-ның құрылыс жөніндегі менеджері Талғат АГИСОВ басқаша растайды: 2011 жылы компания жеке тұлғадан көлемі
Қалалық прокуратура жүргізген тексеру жұмыстары қала әкімінің 2005 жылғы шешімімен Атырау тұрғынына Самал ықшамауданынан КЖО, жанармай бекеті, автокөлік жуу орны және дүкен салуға жер телімі берілгенін анықтады. 2011 жылы қожайыны бұл телімді «Гелиос» ЖШС-не сатқан. ҚР «Жер кодексінің» 44-бабына сәйкес, жер телімін таңдау және жер телімін таңдау туралы актіні ресімдеу актіні қарау және қорытынды дайындау үшiн комиссияға жібере отырып, 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Комиссияның қорытындысы негiзiнде жерге құқық табыстау туралы жерге орналастыру жобасы әзiрленедi. Осы жер телімі бойынша кадастрлық іспен жете танысу кезінде ол бойынша комиссия қорытындысының шықпағаны және жерге орналастыру жобасының бекітілмегені анықталды. Бекет құрылысы тоқтатылды.
Сол уақыттан бері компания бүкіл құжаттарын реттеп үлгеріп, жол салу жобасын әзірледі.
- Тұрғындар көбінесе жанармай құю кешенін салуға өтетін жолды жауып тастайтындықтан қарсы болды. «Гелиос» екі ай ішінде жол салу міндеттемесін алды. Көлік жолының ені
- Қалаға апаратын жолды коммерциялық компания салады, аудан тұрғындары бұл ЖШС билік ететін жеке жол болады деп қауіптенеді. Кенеттен компания жолды жауып тастаса ше?
- Жол салынғаннан кейін компания оны қала балансына береді, - деп әкім орынбасары бізді сендірді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА