Атырау, 28 қараша 12:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

40 жыл сақталған қоймалжың иісі

Сурет
2 137 просмотра

Бір айдан астам уақыттан бері Авангардтағы екінші ықшамауданның №№9 және 10 үйлердің тұрғындары адам төзгісіз иіске шыдауға мәжбүр. Оған (баспананы терможаңғырту бағдарламасы бойынша) №10 үйді жөндеуге байланысты жүргізілген жертөле тазарту жұмыстары себеп болып отыр.

9-шы үйдің терезелерінің қақ түбіндегі алаңға жұмысшылар бір айдан бері №10 үйдің жертөлелеріне жылдар бойына жиналып қалған сасық қоймалжың мен қоқысты шығарып төгеді. Айта кету керек, бұл жердегі иіс адам төзгісіз.

- Терезені де ашу мүмкін емес, балконға да шыға алмайсың. Осы жиіркенішті нәрсені дәл терезенің түбіне шығарып төгеді. Ол жерде күндер бойына жатып, біраз уақыттардан кейін машина келіп, қоймалжың мен қоқысты тиеп алып кетеді. Содан соң бәрі қайта басталады. Бір айдан астам уақыттан бері осы сұмдық иіске төзуге мәжбүр болып отырмыз. Адамдардың иегінің астынан ешқандай санитарлық нормаларға сай келмейтін осындай алаңды ойлап тауып, салуға кімнің рұқсат бергені түсініксіз, - дейді №9 үйдің тұрғындары.

№10 үйдегі жөндеу жұмыстарымен, соның ішінде, жертөлені тазартумен «Байтерек Каспийсервис» ЖШС айналысады. Біз кәсіпорын директоры Қайырбек ТОҚМЫРЗИЕВТЫ өз орнынан тауып, одан осы ахуалға комментарий беруді өтіндік.

Біз шынымен де үй ауласынан үйдің жертөлесінен алынған қоқысты жинау үшін осындай алаңды ұйымдастыруға мәжбүр болдық. Елестетіп көріңіз, үйге 40 жыл болды, осы уақыт ішінде жертөлелер дұрыс тазартылмаған. Бұл уақыт ішінде оған жиналмаған нәрсе жоқ. Суды вакуум машиналармен тартып шығардық. Осы сұйық лас нәрселер қалды. Оны қайда жібереміз? Оны бірде бір машина алып кете алмайды, - дейді Қ.Тоқмырзиев. Сондықтан біз оны көшеге шығарып, оған сәл ғана құрғауға мүмкіндік беріп, содан кейін машиналарға тиеп, шығаруға мәжбүрміз. Егер біздің қолымызда осы қоймалжыңды әкетудің басқа шешімі бар болса, соны қолданар едік, сеніңіздер. №10 үйдің жөндеу жұмыстарына тапсырыс беруші «Тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС, осы үйге қызмет көрсетуші «Сүлекенов» ЖК және көрші 9-үйге қызмет көрсететін «Ануар-Авангард» ПИК-інің келісімімен ауладан жертөледен шыққан лас шығарындыларды төгу үшін алаң салуға мәжбүр болдық. Қазіргі кезде бізге соңғы подъездің жертөлесін тазарту қалып отыр. Содан кейін бүкіл ластық толықтай шығарылады, ал ол төгілген жерге топырақ сеуіп тастаймыз.

Өз кезегінде №9 үйге қызмет көрсетуші «Ануар-Авангард» ПИК-нің төрағасы Людмила ШАРОВАТОВА иісі мүңкіген алаңды салуға ешкімнің келісім сұрамағанын растап отыр:

Егер маған біздің тұрғындарымыздың терезелерінің түбінен осындай антисанитарияны ұйымдастыру ұсынысымен келген болса, әрине, мен келіспес едім. Бұл мүлдем жол берілмейтін нәрсе деп есептеймін. Біздің үйлерімізге мұндай жұмыстар жүргізген кезде үнемі машина тұратын, оған жертөледен шыққан бүкіл қоқыс тиеліп, сыртта, адамдардың терезелерінің түбіндегі аулаға ештеңе жиналып қалмайтын. Аулаға осы ласты төгу идеясы кімнің ойына келгені маған түсініксіз. Алайда тұрғындар бүкіл түрлі инстанцияларға әлденеше рет шағым жазды. Өзіңіз көріп отырсыз, бұдан қорытынды шығып отырған жоқ. Бар қолымыздан келгені, алаңды 9-шы үйдің қабырғасынан 6 метрдей жерге көшірдік. Қалған аумақ №10 үйге тиесілі, ал ол жерге басқа компания қызмет көрсетеді. Өкінішке орай, біз оған еш ықпал ете алмаймыз.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор
10 қыркүйек 2016, 23:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.