Атырау, 28 қараша 13:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Салқын асфальттың үстіне ыстық асфальт төсемейді»

Бейнежазба
2 778 просмотра

Редакцияға Доссор – Мақат трассасында жүргізіліп жатқан жол жөндеу жұмыстарының бейнежазбасы келіп түсті.

Құрғақ асфальт төсеп жатыр. Көзбояушылық, жұмыс емес. Бір КамАЗ жүріп өтсе, асфальт бүлінді дей бер. Неге солай істейді? – деген жазба қалдырыпты бейнежазба астына автор.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ облыстық филиалының пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Мұратбек ХАМЗАЕВ жағдайға былай деп түсінік берді:

Бұл жол тозған. Осыған байланысты үкімет «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында «Ақтөбе – Атырау – Астрахан» магистралды жолын қайта салу жобасын жасақтады. Бұл жоба қазір мемлекеттік сараптамада жатыр.

487-ші (Мақат) және 504-ші (Доссор) шақырымдар арасындағы учаскенің пайдаланылып келе жатқанына жирек ғасырдан асты. Кеңестік технология бойынша алты тонналық өстік жүктемемен салынған. Қазір оның үстімен 13 тонна жүктемеге дейін жүк көліктері жүреді.

Мақат поселкесіне жалғасып жатқан жол 2014 жылы күрделі жөндеуден өткен болатын. Атыраудан Доссорға дейінгі трасса 2006 жылы қайта салынған. Яғни, сөз болып отырған 17 шақырымдық учаскеге дейінгі және кейінгі жол жақсы.

Осы учаскеде көліктердің тәулік бойына жүретінін ескере отырып, осы жылдың тамызында автокөліктердің қауіпсіз және тоқтаусыз қозғалысы үшін жол жабындысындағы қауіпті шұңқырлар мен ойдым-ойдым жерлерді жамап, тегіс емес жерлер мен жол жиегін тегістеу жұмыстары жүргізілген болатын. Соның арқасында бүгінде осы жолдың бойында сағатына 60-80 шақырым жылдамдық режимі сақталып отыр.

Қауіпті шұңқырларды жамау технологиясы бойынша жолдың үстіне салқын асфальт-бетон жабыны төселуде. Өйткені, салқын асфальттың үстіне ыстық асфальт төселмейді.

Осы жұмыстың барысында тозаңсыздандыру жүргізіліп, үстіне битум төселіп, кейін оның үстімен 3-4 рет жүріп өтіп, нығыздалған, бұл көрініс бейнежазбада жазылып қалған. Пайдаланылып отырған материалдар қолдану сертификатына ие және тиісті зертханалық қорытындысы бар.

Мердігер – «ҚазАвтоЖол» РМК облыстық филиалы.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 қыркүйек 2016, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.