Атырау, 28 сәуір 08:23
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Үш ауысымда оқытатын мектеп жоқ». Бар

3 257 просмотра

Облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Қайырғали КЕНЖЕҒАЛИЕВТІҢ (суретте) пайымдауынша, облыста үш ауысымда жұмыс жасайтын мектеп жоқ. Ол бұл туралы РСК брифингінде мәлімдеді.

Биылғы жылы облыстағы 192 мектепте 109 367 оқушы білім алмақ, ол өткен оқу жылымен салыстырғанда 5 516 балаға артық. Бірінші сыныпқа барғандардың да саны артты, биылғы оқу жылында 14 352 бүлдіршін мектеп табалдырығын аттады. Балаларды оқулықтармен қамтуға 1 млрд 80 млн теңге бөлінді. Бұл ақшаға 1 және 8-ші сыныпқа арналған толық оқулықтар жиынтығын және 4 сынып үшін ағылшын тілі оқулықтарын, 9 сынып оқушылары үшін «Дінтану» оқулығы сатып алынды. Сондай-ақ, басқа қалған сыныптар үшін жетіспейтін оқулықтар да сатып алынды.

-Біз 100% жасақталып болдық, мектептерге кітаптарды тараттық, оқушылар толығымен оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Бізге оқулықтардың жетіспегендігі жөнінде ешқандай шағым түскен жоқ, - деп сендіреді Қайырғали Кенжеғалиев.

Қаланың кітап дүкендеріндегі ұзақ-сонар кезекке қатысты оның айтуынша, ата-аналар хрестоматиялар, жұмыс дәптерлерін, сондай-ақ, пәндерді тереңдетіп оқитын сыныптарда қолданатын математика және ағылшын тілі пәндерінен қосымша оқу құралдарын сатып алуда.

Журналистер Атырауда барлық мектептердің екі ауысымда жұмыс жасайтындығына күмән келтіріп отыр, айталық, Құрсай мектебі оқушыларының ата-аналары өз балаларын сабаққа үш ауысымда апаруға мәжбүр болып отырғандарына шағымданады. Қазір олардың мектептерінде бүгінгі күні жөндеу жұмысы жүріп жатқан Алғабас мектебінің оқушылары оқып жатыр. Мектептің жөндеу жұмысы неліктен кеш басталды және ол қашан аяқталады? Белгілі болғанындай жөндеу жұмыстары әлі де үш мектепте жүріп жатыр, оларда да кеш басталған.

Қаржы инспекциясының камералдық бақылау нәтижелері бойынша қайтадан конкурстан өткізуге тура келген. Нысандарды тапсыру 1 қазанға жоспарланып отыр. Биылғы жылы тағы да облыстағы сегіз мектепте күрделі жөндеу басталмақшы.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

9 қыркүйек 2016, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.