Атырау, 5 желтоқсан 13:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Кісі өлімі үшін 10 жыл алды

2 906 рет қаралды

Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-тармағы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соғу») бойынша қылмыс жасады деп айыпталған С. қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сот 2016 жылы наурызда С. Жайық жағасында достарымен кездесіп, спирттік ішімдік ішкенін анықтады. Мас күйдегі С. мен жәбірленушінің арасында ұрыс-керіс басталып, С. пышақпен ұрып, жәбірленуші сол жерде көз жұмған.

Сот үкімімен С. қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

8 қыркүйек 2016, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.