Атырау, 2 мамыр 07:56
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Риода Паралимпиада ойындары басталды

2 021 просмотра

Фото: ReutersРио-де-Жанейрода Паралимпиада ойындары басталды. Ойындардың ашылу салтанаты 7 қыркүйекте Маракана стадионында өтті,- деп хабарлады Азаттық.

11 күнге созылатын Паралимпиада ойындарына 161 мемлекеттен 4 мыңнан астам параатлеттер қатысады. Бұл жолғы ойындарға Рсеей атлеттері қатыстырылмайды.

Ресей паралимпиада құрамасы Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Ресейде допинг қолданып, оны жасырудың мемлекет қолдайтын бағдарламасы болғанын анықтаған соң ойындардан шеттетілген.

Паралимпиада қатысатын белгілі атлеттер арасында ирандық ауыр атлет Сиаманд Рахман, британдық арбамен жарысушы Дэвид Вейр және қытайлық зағип жеңіл атлет Лю Чуйцин бар.

Ирандық диск лақтырушы, АҚШ-та тұратын Шахрад Насаджпур мен сириялық жүзуші Ибрахим әл-Хусейн босқындар командасы атынан жарысады.

Дереккөз: Аzattyq.org

8 қыркүйек 2016, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.