Атырау, 27 сәуір 20:14
 ашықВ Атырау +15
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Бажалар арасындағы ұрыс-керістің соңы пышақтаумен аяқталды

2 412 просмотра

Махамбет аудандық соты өзінің бажасын ауыр жарақаттаған отбасы жанжалқойына үкім шығарды.

2016 жылдың шілдесінде үйіне түнде кештетіп мас күйінде келген сотталушы есігін қаққанда, оған ешкім есік ашпайды. Сол кезде ол үйге терезе арқылы еніп, әйелін оятып, одан ішкілікке ақша сұрайды. Отбасы жанжалына бажасы араласып, оны сабырға шақырып, жатып ұйықтауға көндірмек болады. Осы кезде олардың арасында ұрыс-керіс шығып, жанжалқой өзінің туысына тап беріп, оны тұншықтыра бастайды. Бажасы қорғанамын деп, үстелде тұрған шанышқыны алып, оның аяғына сұғып алады. Сотталушы үстелден асүй пышағын алып, бажасының кеуде тұсы мен іш жағына бірнеше рет тығады. Зардап шегуші дер кезінде ауруханаға жеткізілгеннің арқасында аман қалды.

Сот барысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Сот зардап шеккен туысы тарапынан ешқандай талаптың жоғын ескеріп, ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-тармағында («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру») көзделген қылмысты жасады деп кінәлі деп танып, шартты түрде үш жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 қыркүйек 2016, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.