Атырау, 27 қараша 08:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Эстония: Ресей әскери ұшақтары әуе кеңістігімізді тағы бұзды

2 303 просмотра

Фото: ReutersЭстония әскери қолбасшылығы Ресей әскери ұшақтарының Балтық теңізінің үстінде әуе кеңістігін биылдыққа осымен төртінші рет бұзғанын мәлімдеді. Бұл туралы ресми мәлімдемеде Ан-72 ұшағы Эстонияның әуе кеңістігіне Вайндло аралы аумағына рұқсатсыз еніп, 90 секундтай болғаны айтылады. Экипаж ұшуларды басқару орталығымен байланыспай, әуе кеңістігінен 2 километрдей ішкерілей енген,- деп хабарлады Азаттық.

Ресей қорғаныс министрлігінің өкілі Игорь Конашенков журналистерге ресейлік ұшақтар "Вайндло аралы аумағында Эстония шекарасын бұзбағанын" мәлімдеді. Ол ресейлік Ан-72 аталған ауданда ұшпағанын айтты. Ресейдің Эстониядағы елшілігі эстон билігі елшіге наразылық нотасын тапсырғанын хабарлады.

Биыл НАТО-ның бірнеше мемлекеті Ресей әскери ұшақтарының өз әуе кеңістігін бұзғанын мәлімдеген. Өткен жылдың соңында Түркия елдің әуе кеңістігіне рұқсатсыз еніп кетті деп Ресей әскери ұшағын атып түсірген. Анкара әуе кеңістігін бұзу оқиғалары бірнеше рет қайталанғанын және оның ықтимал салдары туралы Мәскеуге ескертілгенін мәлімдеген.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 қыркүйек 2016, 11:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.