Атырау, 2 мамыр 15:03
 ашықВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

АҚШ Ресейге салған санкциясын кеңейтті

1 530 просмотра

АҚШ Ресейдің Украина шығысындағы қақтығысқа киліккені үшін санкцияға алынған ресейлік компаниялар тізімін ұзартуға шешім қабылдады. Санкция тізімін ұзарту туралы ақпарат үкіметтің Federal Register басылымының сайтында жарияланған. Шешім 7 қыркүйекте күшіне енуі тиіс,- деп хабарлады Азаттық.

Санкцияға іліккендер қатарында ондаған компания, оның ішінде Ресейдің "Газпром" компаниясына бағынышты 50 компания бар.

Санкцияға ілінгендер арасында Керченск көпірін салған компаниялар - бас мердігер "СГМ-мост" компаниясы, Аркадий Ротенбергтің "Стройгазмонтаж" компаниясының еншілес кәсіпорындары, көпір құрылысына қосалқы мердігер ретінде қатысқан "Мостотрест" компаниясы, көпір салуға тапсырыс берген Федералдық жол агенттігінің "Тамань" компаниясы бар.

АҚШ санкциясына сонымен қатар бірінші рет электроника өндіретін 11 компания ілініп отыр. Олардың өнімдері әскери өнеркәсіпте қолданылады.

АҚШ пен Еуропа Одағы Ресейге 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы ққатығысқа киліккені үшін санкциялар салған. Мәскеу бұған жауап ретінде Еуропа Одағы елдері, АҚШ, Норвегия, Канада мен Австралиядан азық-түлік импорттауға эмбарго енгізген.

Дереккөз: Аzattyq.org

7 қыркүйек 2016, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.