Атырау, 28 қараша 12:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Өлген сиырлардың иелері өтемақы алады

2 385 просмотра

Атырау облысында мал иелеріне нодулярлы дерматит індетінен келген залал үшін өтемақы төлеу мақсатында республикалық бюджеттен 120 млн теңге бөлінді.

Өтемақы өлген малдың нарықтық құнына қарай жекелей төленетін болады. Ол үшін қазіргі уақытта арнайы комиссия құрылуда. Өтемақы көлемін есептеу кезінде өлген жануарлардың түрі, оның тұқымдық құндылығы және жыныстық-жас ерекшелік топтары ескеріледі.

Нодулярлы дерматит жұқтырған жануарларды емдеу үшін жергілікті бюджеттен осыдан біраз бұрын 2,3 млн теңге бөлінген болатын. Бұл қаражатқа емдік препараттар мен дезинфекциялық өңдеу құралдары сатып алынуда. Сондай-ақ, Атырау облысының ветеринариялық басқармасы 3 мыңнан астам Флектрон құлақ биркаларын сатып алды. Бұл нодулярлы дерматит жұқтырушы шыбындар мен қансорғыш жәндіктерді жануарлардан үркітетін инсектицид дәрілері. Қазір ветеринарлар мал иелеріне қорғайтын «сырғаларды» таратып жүр.

Соңғы мәліметтер бойынша нодулярлы дерматитті облыстың үш карантиндік аймағында 6 189 сиыр жұқтырған, 3 100-і сауыққан, 2 037-іне ем жүргізіліп отыр, 784 жануар өлген.

Тамара СУХОМЛИНОВА

7 қыркүйек 2016, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.