«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Атырау өндірістік филиалы (ҚТГА АӨФ) Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінде (Азия, Бұқар беті) газ берудің уақытша тоқтатылатындығы туралы хабарлама таратты.
Хабарламада себебі көрсетілген – «Интергаз – Центральная Азия» АҚ-ның (ИЦА) магистралды газ құбырының жоспарлы жөндеуі жүреді екен. Мерзімі – 2016 жылдың 14-22 қыркүйегі аралығы.
ҚТГА АӨФ-ның, «Атырау» ИЦА АҚ-ның магистралды газ құбырлары басқармасының директоры Максот ӘБУОВ «АЖ»-ға былай деп жауап берді:
–2016-2017жылдардағы күзгі-қысқы кезеңдерде өнеркәсіптік кәсіпорындар мен Атырау қаласының сол жақ жағалау бөлігінде тұратын халыққа табиғи газды қауіпсіз және тоқтаусыз тасымалдауға дайындық мақсатында «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырынан «Атырау» ГРС-1 газ бөлу станцясына дейінгі бұру газ құбырындағы диаметрі
Ал, ресми сауалға берілген жауапта Привокзальный мен Жилгородок ықшамаудандары неге жоқ?
М. Әбуовтың айтуынша, қазір «қаланың оң жақ жағалау бөлігінің газ жүйесіне халық тығыз орналасқан массивтерді қосу» бойынша жұмыстар жүруде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ