Атырау, 25 желтоқсан 21:49
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

​Телефон арқылы дөрекілік танытты

2 830 рет қаралды

Махамбет аудандық соты телефоннан дөрекі сөйлеген әдепсізді қамауға үкім шығарды.

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылы шілдеде жәбірленуші М. телефонмен күйеуінің танысы С. деген азаматқа қоңырау шалып, күйеуінің бережақ ақшасын қайтаруын талап етеді. Алайда, ол жауап орнына дөрекі сөздің астына қалады. Махамбет аудандық соты бұл құқықбұзушының әрекетін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-тармағы бойынша ұсақ бұзақылық деп бағалайды. Сот шешімімен құқықбұзушыны үш тәулікке қамайды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
6 қыркүйек 2016, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.