Атырау, 28 сәуір 05:51
 ашықВ Атырау +22
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Параны 60 есе көбейтті

2 204 просмотра

Жылыой аудандық соты пара алды деп айыпталған аудандағы жергілікті полиция бастығының орынбасары Д.Ахиповке қатысты үкімді жария етті.

Наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті мынадай баспасөз хабарламасын таратқан болатын: «Департамент қызметкерлері Жылыой ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары майор Д.Ахиповтың жеке кәсіпкерден пара алу және бопсалаушылық фактілерімен байланысты қылмыстық әрекетінің жолын кесті. Д.Ахиповтың лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалана отырып, Құлсары қаласының орталық базарында халық тұтынатын тауарларды сату орындарында оның қызметкерлеріне тиіспеуі және сондай-ақ, жалпы қорғаншылығы үшін жеке кәсіпкер Т. деген азаматтан пара бопсалағандығы анықталды». Одан әрі 25 наурызда Ахиповтың аталмыш кәсіпкерден 30 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталғандығы хабарланды. Ал, Жылыой аудандық сотының баспасөз хабарламасында полицейдің жеке кәсіпкерден 33 000 теңге алғандығы жөнінде айтылады.

Сот Д.Ахиповты ҚР ҚК-ның 366-бабы 2-тармағы («Пара алу») бойынша айыпты деп таныды және оған пара сомасын алпыс есе көлемінде өтеуге, яғни, 1 980 000 теңге айыппұл салу түрінде жаза белгіледі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қыркүйек 2016, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.