Атырау, 27 қараша 08:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Путин Самарқандта Каримовтың туыстарына көңіл айтты

2 551 просмотра

Фото: ТАССРесей президенті Владимир Путин бүгін Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасына байланысты көңіл айту үшін Самарқанға барды. Мұнда ол марқұмның жесірі Татьяна Каримова мен кіші қызы Лола Каримова-Тилляевамен кездесіп, көңіл айтты,- деп хабарлады Азаттық.

Путин сонымен қатар тарихи Шахи Зинда бейітіне жақын жерленген Ислам Каримовтың қабіріне гүл қойды.

5 қыркүйекте Қытайда G20 саммитінде сөйлеген Путин Каримовтың қайтыс болуын "Өзбекстан үшін үлкен қайғы" деп атаған.

Путин Өзбекстанның ендігі жаңа басшылығы елдегі тұрақтылықты сақтап қала алады деп үміттенетінін айтты.

Бұрынғы коммунист Ислам Каримов Өзбекстанды 27 жыл бойы басқарды. Каримовтің кезінде саяси диссиденттер мен азаматтық белсенділерді арнайы қауіпсіздік және барлау органдары аяусыз қудалап, жаныштаумен болды.

"Оның елі үшін не істегенін әлі де бағалау керек. Өзбекстанның жаңа заман тарихындағы түрлі сәттерін әртүрлі бағалауға болады, бірақ ол елде тұрақтылық пен ілгері дамуды сақтады" деген Путин Каримов туралы.

Дереккөз: Аzattyq.org

6 қыркүйек 2016, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.