Фото: ReutersНақтыланған мәліметтер бойынша, Кабулда бірден екі теракт болып, 30 адам қаза тауып, 90-нан аса адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап. Осыған дейін 24 адамның қаза тапқаны жайында хабарланған болатын.
Күш құрылымдарының айтуынша, Кабулдағы қорғаныс министрлігі ғимараты маңында екі лаңкес-өлімші өзін-өзі жарып жіберген. Терактіден қаза тапқандардың ішінде бірнеше жоғары лауазымды қызметкер, олардың арасында Ауғанстан президенті қызметінің күзет басшысының орынбасары Заман Ахмадзаи да бар.
France Press агенттігінің мәліметінше, бұл терактіні "Талибан" радикал қозғалысы өз мойнына алып отыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz