Қала іргесіндегі Ақжар ауылының тұрғындарын бір ай бойына үрейде ұстап, үйлерді тонады деген күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.
– Елді мекендегі тонау жағдайы бойынша Атырау қалалық ІІБ және облыстық ІІД-нің криминалды полиция мен тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған тергеу-жедел тобы жұмыс істеді, – дейді Мұхтарова. – Осы демалыс күндері полицейлер жедел шаралар кезінде Ақжардағы үйлерді тонады деген күдіктілерді ұстады.
Полицейлердің ақпараты бойынша, қылмыстық топтың құрамында 25 пен 30 жас аралығындағы жеті адам бар, бәрі де Атырау қаласының тұрғындары. Ұстау кезінде олардан заттай айғақтар табылып, тәркіленіп алынды, әсіресе, ұрланған тұрмыстық техника. Үйлеріне ұры түскен Ақжар тұрғындары заттай айғақтар ішінен өз мүліктерін тани бастады.
– Қазіргі уақытта барлық күдіктілер уақытша қамау изолатярына орналастырылды. Ұсталғандар бірнеше айдың көлемінде жасаған отыз шақты тонауға қатысы бар деп күдіктеліп отыр, – деп нақтылап өтті Г. Мұхтарова.
Тамара СУХОМЛИНОВА