Атырау, 27 қараша 08:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

G20 көшбасшылары босқындар мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келе алмады

1 995 просмотра

Фото: wsj.comБылтырдан бері кәрі құрлық елдерінде босқындар мәселесі ушығып тұрғаны баршаға белгілі. Еуропа мемлекеттері бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, күрмеуі қиын түйткілді шешуге атсалысқанмен, мәселенің түйіні тарқатылар емес. Ханчжоуда кеше басталып, бүгін жалғасын тапқан «үлкен жиырмалық» саммитінде де көші-қон дағдарысы көтерілді,- деп хабарлады BNews.kz.

Босқындар дағдарысы кездесу қорытындысы бойынша қабылданатын коммюнике жобасын талқылау кезінде ең көп дау тудырған мәселе болды.

«Босқындарға қатысты дауластық. Түркия мен Еуропа басқа елдердің де осындай проблема бар екенін мойындап, оны шешуге атсалысуы керек деген пікірде», - дейді ресейлік делегациядағы дереккөз.

Бұған қоса, климат, аумақтық меншік құқығына қатысты тақырыптар да даулы мәселеге айналды.

18 наурыз күні Анкара мен Еуропа одағы Брюссельдегі саммитте миграция мәселесін шешудің негізгі қағидаларын келіскен еді. Түркия Еуропаға жеткен босқындарды өз аумағына қайтаруға міндеттелді. Бұған айырбас ретінде Анкара үш млрд еуро мен азаматтарының ЕО-ға қысқа мерзімдік сапары үшін визасыз режим талап еткен еді.

Сондай-ақ Брюссель Анкараның тағы бес шартты орындауын талап етіп отыр. Атап айтсақ, Түркия терроризммен күрес туралы заңды қайта қарауы тиіс. Алайда 11 мамырда ел президенті Режеп Тайып Ердоған заңды өзгертуден бас тартқан соң, Еуропарламент визаны алып тастау жұмысын тоқтатты.

Frontex агенттігінің ақпаратынша, биыл қаңтар-шілде аралығында ЕО аумағына 300 мыңнан аса босқын бас сауғалап келген.

Дереккөз: BNews.kz

5 қыркүйек 2016, 11:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.