Атырау, 28 қараша 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Бәрі жоспар бойынша, бірақ бір апта ыстық сусыз шыдай тұрыңыздар

2 970 просмотра

«Атырау жылу жүйелері» АҚ өз сайтында тұтынушыларға қыркүйектің 5-інен 12-сі аралығында Атырауда магистралды жылу жүйелерінің күрделі жөндеуге тұруына байланысты ыстық су берудің тоқтатылатынын хабарлады.

Хабарламада кәсіпорынның диспетчерлік қызметінің байланыс телефондары келтірілген: 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58.

Және келесі хабарламада «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның қысқа дайындығының осы аралықтағы қорытындысы туралы айтылады.

Кәсіпорын 22,633 км (84%) жылу жүйесінің 19,193 км құбырын ауыстырды, 46 жылу пунктінің 40-ында (86%) ыстық сумен жабдықтау жүйесінің сорғыш құрылғылары мен жылу алмастырғыштарын жөндеу және тексеру жүргізілді.

««Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның 2016-2017 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңіндегі негізгі жабдықтарды жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар қалалық әкімдіктің бекіткен және келісілген кестесі бойынша жүзеге асырылуда», деп жазылған хабарламада.

Егер жөндеу науқаны еш кедергісіз аяқталуға жақын болса, онда не үшін ыстық суды беруді бір аптаға тоқтатпақ?

Мурат СУЛТАНГАЛИЕВ

3 қыркүйек 2016, 18:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.