Атырау, 28 қараша 12:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Атырауда суармалы су құбырының құрылысы басталды

2 059 просмотра

Әбілқайыр хан даңғылы бойымен суармалы су құбыры құрылысының жобасын жүзеге асыру басталды.

Қаламыз үшін баяғыдан бері аса қажетті «Атырау қаласында суармалы су құбырының құрылысы» жобасын жыл басында қалалық биліктегілер бекіткен болатын. Су құбыры Сәтпаев даңғылынан басталып Абылайхан даңғылы бойымен әуежайға қарай созылатын болады. Жалпы ұзындығы 8 шақырымнан аса қашықтықты құрайды. – Жоба бойынша тас жол бойына отырғызылған көшеттерді тамшылатып суару жүйесі қарастырылған: магистралды құбырлар жер астымен жүргізіледі, тамшылатып суаруға арналған түтіктер әрбір көшетке тартылатын болады, көгалдар спринклерлі суландырғышпен (сепкіш машина) қамтамасыз етіледі, - дейді ТКШ жөніндегі қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ. – Жүйе толығымен автоматтандырылған, суару топырақтың ылғалдылық көрсеткішінің есебінен жүргізілетін болады. Жоба жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылып отыр, оның құны 678 млн теңгеден жоғары, тапсырыс беруші – қалалық құрылыс бөлімі. Жоба мердігері «Алматыинжстрой» АҚ-мен келісімшарт жасалды, жүзеге асыру мерзімі – 2016 жылдың күзі мен 2017 жылдың көктемі. Жоспар бойынша нысан пайдалануға өсімдіктердің вегетативтік өсуі басталғанға дейін берілуі тиіс.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

2 қыркүйек 2016, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.