Атырау, 12 қаңтар 05:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 509.94
€ 593.88
₽ 6.43

​Әкім меню сұрады

2 212 рет қаралды

1 қыркүйек күні «алғашқы қоңырау» кезінде облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВ дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясына барды.

Өңір басшысы гимназия оқушыларын білім күнімен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі, ал бастысы – оған асханада бастауыш сынып оқушыларына арналған тегін ас мәзірін көрсетті. Апта күндері бойынша онда сорпа, картоп пюресімен бірге ет котлеті, гуляш, қуырдақ, палау.

Естеріңізге салсақ, көктемде Н. Ноғаев 1 қыркүйектен бастап бастауыш сынып оқушыларының барлығын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Бұл мақсаттарға облыс бюлжетінен 1 млрд теңге бөлінген еді. Осылайша 50 мың кіші сынып оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтылды.

Айнұр САПАРОВА

2 қыркүйек 2016, 16:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.