Атырау, 2 мамыр 05:39
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Шавкат Мирзяев Самарқанға барып, қалада тазалық жұмыстары басталды

1 839 просмотра

Фото: аzattyq.org Өзбекстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын президент Ислам Каримовтың жағдайының қандай екені хабарланбаған күйде атап өтті. 28 тамызда ауруханаға түскені ғана хабарланған Каримовтың жағдайына қатысты ресми ақпар әлі берілмей тұрған тұста президенттің орнына келетін ықтимал адам туралы талқы басталды,- деп хабарлады Азаттық.

Ақпарат құралдары аты-жөні аталмаған дереккөзіне сілтеме жасап, Каримовтың 29 тамызда "көз жұмғанын" хабарлаған. Бірақ ол ресми түрде расталмады.

Ал Ислам Каримовтың туған қаласы - Самарқанда бейсенбі күні кешке орталық көшелерде қозғалыс шектеліп, орталық алаңда тазалау жұмыстары басталды. Алаңда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Самарқандағы Чорраха мешітінде де жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны байқалады.

Қауіпсіздік қызметіндегі дереккөздері Азаттықтың Өзбек редакциясына премьер-министр Шавкат Мирзяевтің 1 қыркүйекте Самарқанға барғанын хабарлады.

31 тамызда Ислам Каримовтың кіші қызы Лола Каримова-Тилляеваның әлеуметтік желідегі парақшаларында 78 жастағы әкесінің әлі тірі екенін, "миына қан құйылып" ауруханаға түскендегі жағдайы жақсаруы мүмкін екенін білдірген.

31 тамызда Ислам Каримовтың орнына Тәуелсіздік күніне орай Ташкенттегі Тәуелсіздік және гуманизм ескерткішіне Шавкат Мирзяев гүл қойған.

Дереккөз: Аzattyq.org

2 қыркүйек 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.