Атырау, 27 қараша 08:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

АҚШ Ресейге қарсы санкция тізімін ұзартты

2 943 просмотра

Фото: censor.net.uaАҚШ Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап, Украина шығысындағы жанжалға киліккені үшін тағы 37 адам мен компанияға санция салды,- деп хабарлады Азаттық.

"Қаржы министрлігі серіктерімен бірге Ресейдің халықаралық құқық нормаларын бұзғанын айыптайды және біз Украинаның егемендігі, тұрақтылығы мен бейбітшілігіне қатер төндіргендерге санкция сала береміз" деп мәлімдеді министрліктің халықаралық активтерді бақылау бөлімінің басшысы Джон Смит.

Құжатта сонымен қатар АҚШ Қырымда жұмыс істейтін ресейлік бірнеше компанияны, оның ішінде Ресей мен Қырым арасындағы көпірді салысқан "Мостотрест" және "СГМ-Мост" компанияларын да қара тізімге енгізгені айтылады. Санкцияға Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистердің алты өкілі мен Қырымдағы 11 шенеунік те ілінген.

Дереккөз: Аzattyq.org

2 қыркүйек 2016, 10:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.