Атырау, 27 желтоқсан 16:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Ислам Кәрімовтің жағдайы өте ауыр - Өзбекстан үкіметі

2 397 рет қаралды

Өзбекстан үкіметінің мүшелері ел президенті Ислам Кәрімовтің ауыр халде жатқанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Өткен тәулікте президентіміздің жағдайы күрт нашарлап, дәрігерлердің оның жағдайы тым ауыр деп бағалап отырғанын зор күйінішпен хабарлаймыз", - делінген министрліктер кабинетінің хабарламасында. "Осыған дейін мемлекет басшысы Ислам Әбдіғаниұлы Кәрімовтің өткен сенбіде инсульт алып, ауруханаға түскені хабарланған болатын", - деп еске алды үкіметтегілер.

Еске салайық, осыған дейін 1 қыркүйекте "Ферғана" порталы, "Озодлик радиоси" және "Өзбекстанның халық қозғалысы" сайттары Ислам Кәрімовтің жерленетін уақыты мен орнын атаған болатын.

Дереккөз: Tengrinews.kz

2 қыркүйек 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.