Атырау, 2 мамыр 05:08
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Аңшыларға шекарашылардың рұқсатынсыз қамыс арасына баруға болмайды

3 597 просмотра

3 қыркүйекте ашылатын аңшылық маусым басталмай жатып тоқтап қалуы мүмкін. Бұл туралы облыстық аңшылар қоғамының төрағасы Ғайнет ҚУАНҒАЛИ хабарлады.

Наурызда шекарашылар бізге облыстағы Каспий теңізінің жағалауының шекаралық аймағында жағаға жақын орналасқан алқаптарда аң аулайтын қоғам мүшесінің шекаралық рұқсат қағазы болуы тиіс екенін айтты. Мен алты адамға құжат ресімдеп үлгермейтінімді айттым, ал адамдарды сүйікті ісінен айыру жақсы емес. Сөйтіп, бұл істі кейінге қалдыра тұруды сұрадым, – дейді Г. Қуанғали. – Жарты жыл өтті, шекарашылар енді бізден кәдімгідей талап етіп отыр, аңшыларды жағадағы қамыстарда ұстап, айыппұл ресімдегелі отыр. Бізде бірде-бір шекаралық рұқсат қағаз ресімделген жоқ. ҰҚК департаменті, ІІД және шекаралық қызметтен тізімге келісім алу керек. Жақында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан НЫСАНБАЕВТЫҢ басшылығымен селекторлық кеңес өтті. Мен онда бүкіл елге біздің шекарашылармен байланысты проблемамызды жайып салдым. Менің Ақтаудан келген әріптестерім оларда мұндай нәрсе жоқ екенін айтты. Министрдің орынбасары бәрін мұқият жазып алды да, анықтауға уәде берді... «Шекаралық белдеудің, карантиндік белдеудің және шекаралық аймақтың шектерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 356 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысында шекаралық аймаққа кіретін шекара маңындағы аумақтар тізбесі берілген. Онда жекелеген режимдік шектеулердің қолданысы алып тасталатын немесе тоқтатыла тұратын шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесімен толықтырылсын деп жазылған. Бұл құжатта шекара маңындағы үш аңшылық алқап көрсетілген (шетелдіктерге жүруге рұқсат етілген Құрманғазы ауданындағы «Утеринский» табиғи-рекреациялық аймағы мен «Утеры-Иголкинский банк» және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты). Ал Қазақстан азаматтары, демек, рұқсат алуы керек, солай ма? Бұл дұрыс емес.

Біз №2016 шекаралық әскери бөлімінің командирі Мұхтар ҚАНАБЕКОВКЕ хабарластық. Ол теңіз жағасындағы қамыстар арасында шекаралық куәліксіз жүрген барлық аңшыларды ұстап, оларға әкімшілік айыппұл салынатынын растады.

– Шекаралық режимді бұзғаны үшін айыппұл көлемі 10 АЕК-ты, яғни, 21 210 теңгені құрайды. Көктемде аңшылар қоғамының төрағасы маған келген, ол барлық аңшыларға шекаралық рұқсат қағазын ресімдеп үлгермейтінін түсіндірді. Мен оған құжаттарлы ретке келтіруге жарты жыл уақыт бердім. Уақыт келіп жетті, ал құжаттар тағы дайын емес. Бұл жауапсыздық. Демек, оларды ұстап, айыппұл саламыз.

Шынымен де қызық екен, шетелдіктерге және тіпті «азаматтығы жоқ тұлғаларға», үкімет қаулысында келтірілгендей болады да, ал қазақстандықтарға болмайды.

– Бәлкім, онда туризмді дамыту үшін дегені шығар, қалай болғанда да біз жәй ғана өзіміздің қызметтік міндетімізді орындайтын боламыз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

1 қыркүйек 2016, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.