Атырау облыстық сотының төрағасы Марғұлан БЕКТҰРҒАНОВ сот корпусына жаңа әрептестерді таныстырды.
Облыстық соттың ақпараты бойынша, Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судьясының лауазымына Зарема ХАМИДУЛЛИНА тағайындалды. Атырау қалалық сотының судьясы болып Әйгерім ҚАРШЫҒА тағайындалды.
З. Хамидуллина 2004 жылы Индер аудандық сотының кеңсе маманы, кейін әр жылдары облыстық соттың бас маманы, Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі, Атырау қалалық сотының кеңсе меңгерушісі болып жұмыс істеген.
Ә. Қаршыға 2009 жылдан бастап бас маман қызметтерін атқарған – Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының сот отырысының хатшысы, Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы болған.
Жаңа судьялар ант қабылдады.
Зульфия ИСКАЛИЕВА