Атырау, 28 қараша 12:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​Жаңарған мектепте жаңа сынып жетекшісі

3 594 просмотра

Қала әкімі Серік ШАПКЕНОВ Ақжар поселкесіндегі №26 С.Датов атындағы орта мектепте 1 қыркүйекте өткен салтанатты шараға қатысты.

ЕҢ АЛҒАШҚЫ КҮН

1992 жылы салынған ғимаратқа биылғы жылы күрделі жөндеу жүргізілді, коммуникация ауыстырылды, шатыры қайта жабылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді. Мұның бәріне 135 млн теңге жұмсалды. 624 орынға есептелген мектепте 845 бала оқиды, оның 125-і мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер. Ұстаздар саны - 78. Сол ұстаздардың бірі Жадыра БОРАНҚҰЛОВА Батыс Қазақстан университетінің биылғы түлегі. Ол Доссордың тумасы, педагогикалық оқу орнын «қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген бойда өзінің туған облысына жолдамамен оралды. Міне, енді бірден 5-ші сынып жетекшісі болып шыға келді. Бүгін оның алғашқы жұмыс күні, әлбетте, оның толқып тұрғандығы сөзсіз.

Жаңа оқу жылында №26 мектептен басқа қаладағы №15 Абай атындағы және №25 мектептерге де күрделі жөндеу жүргізілді. Тағы бір ғимарат – Тасқала ауылындағы Т.Амандосов атындағы мектеп 1 қазанда тапсырылатын болады. Осы төрт мектептің күрделі жөндеуіне жалпы алғанда 446 млн теңге бөлінді.

БАЛА САНЫ СЕГІЗ МЕТКЕПТЕ ШАМАДАН ТЫС КӨП

Атырау қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясында С.Шапкенов 8 мектепте (№№3, 16, 30, 17 және т.б.) оқушылар санының шамадан тыс көп екендігін, сол себепті балаларға үш ауысыммен оқу мүмкіндігін атап өтті.

Бұл мәселені шешуде қандай шаралар алынуда? Біз бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Бақберген ҚАРАБАЕВТАН сұрадық. Ол біздің сауалымызға былай деп жауап берді:

- Бала саны көп мектептер негізінен қала орталығында, онда орташа алғанда 700-800 оқушыға есептелгенмен 2 мыңға дейін бала оқиды. Біз оларды барынша азайтуға күш салып, яғни, басқа бала саны аздау деген мектептерге оқушыларды тасымалдауды ұйымдастырып жатырмыз. Қазан айында Амандосов атындағы мектепті тапсыратын боламыз, дегенмен бала саны өте көп. Әсіресе, №№ 16, 3 және 30 мектептерде жағдай күрделі, өйткені оларға оқу мекемелері жоқ барлық жаңа ықшам аудандардан балалар келеді. Бұл мектептерде неше ауысыммен оқитындығын 5-ші қыркүйек күні, тізімдер нақты белгілі болғаннан соң айтатын боламыз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2016, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.