Атырау, 22 ақпан 11:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

Ердоған Обамамен Гүленді экстрадициялау мәселесін талқылайды

1 985 рет қаралды

Фото: ReutersТүркия президенті Реджеп Ердоған АҚШ басшысы Барак Обамамен 4 қыркүйекте Қытайдан өтетін "Үлкен жиырмалық" елдерінің жиынында кездеседі. Кездесу кезінде Ердоған дін қайраткері Фетхулла Гүленді экстрадициялау мәселесін талқыламақ,- деп хабарлады Азаттық.

Бұл туралы Түркия президентінің кеңесшісі Ибрагим Калын мәлімдеді. АҚШ бұл мәлімдемеге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

24 тамызда Түркияға барған АҚШ вице-президенті Джо Байден "АҚШ Гүленге тағылған айыпты тексеріп, заңға сүйеніп шешім қабылдайтынын" айтқан.

Түркия президенті 15 шілдеде болған мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетін АҚШ-тың Пенсильвания штатында тұратын Фетхулла Гүленнен көреді. Гүлен бүлікке қатысы барын жоққа шығарады.

Дереккөз: Аzattyq.org

1 қыркүйек 2016, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.