Бразилия сенаты ел президенті Дилма Русефті (суретте) биліктен шектеуді қолдап дауыс берді. Русефтің қызметтен кетуін 61 сенатор қолдаса, 20 сенатор қарсы дауыс берген,- деп хабарлады Азаттық.
Дауыс беру аяқталған соң Русеф Twitter желісіндегі парақшасында "Бүгін коррупционер 61 еркек 54 миллион бразилиялықтардың таңдауын қоқысқа тастай салды" деп жазды.
Дилма Русефтің орнын уақытша вице-президент Мишел Темер атқармақшы. Ол елді 2018 жылға дейін басқарады. Осылайша Бразилиядағы алғашқы әйел президент Русефтің 13 жылға созылған билігі аяқталды.
Оппозиция Дилма Русефті 2015 жылғы сайлау науқаны кезінде салықтан жалтарды және бюджет қаржысын жұмсады деп айыптайды. Биыл наурызда Русеф өзінің алдында ғана президент болған партияласы Луис Лула да Силваны әкімшілігінің жетекшісі етіп тағайындап, қоғамның наразылығын тудырған.
Дереккөз: Аzattyq.org