Кеше менің пәтерімдегі сплит –жүйесінен су ағып кетті. Бұған дейін ол біресе салқындатып, біресе салқындатпай, аз-кем мінез көрсетіп тұрған еді. Бұл біріншіден өзін тазарту керектігінен белгі бергені, өйткені, маған ол туралы баяғыда бір таныс маман айтқан болатын.
Және ол маған сол кезде: «Адамдар неткен ашықауыз десеңізші. Жүйені тазартудан көп ақша таппайсың. Алайда, бұл салқындатқыштың баяу салқындатуының ең басты себебі. Біз келеміз, тазалаймыз, фреон деңгейін өлшеп қараймыз. Фреон аз, сондықтан да оны құю керек екендігін айтамыз. Ал ол аңқаулар соған сеніп қалады, ал біз фреон құйып жатқандай сыңай танытамыз. Ал олар сен не істеп жатсың шаруасы жоқ, оларға салқындатса болғаны. Міне осылайша ашықауыздарды сан соқтырып кетеміз».
Сонымен менің әлгі танысым кеше салқындатқышымды тазалап кетуге келе алмады. Ал ыстық болса қысып барады. Содан басқа шеберді шақыруға тура келді. Өз әзіл-қалжыңдарымен олар да келіп жетті, менімен әңгімелесіп, қалалық жаңалықтардан хабардар да етті. Барлығын тазартып, одан кейін балконға барып, көше жақтан фреонның деңгейін өлшемек болды. Әрине, қысымы тіптен төмен, ең төменгі шегінде болып шықты.
- Сондықтан да салқындаппай қалған. Соңғы демімен жұмыс жасап тұр. Фреон құю керек!
- Ал ол қанша тұрады?
- Бар-жоғы он мың ғана.
- Бар-жоғы он мың ба?
«Сендерге беретін ақшам жоқ. Тек тазартқандарың үшін ғана төлейтін ақшам бар!, -дедім мен. Олар бірден көңілдері су сепкендей басылып, манағы әзілден түкте қалмаған. Құрал-саймандарын жинады да тазалағандары үшін ақшаларын алып кетіп қалды.
Сплиттегі фреонның жайы дұрыс секілді, өйткені түнде салқындатқаны соншалық көрпеден тоңып қалдым. Он мың дейді... барлық адам ашықауыз емес қой! Мен ақымақ емеспін!
Айтпақшы, мына бір кеңеске назар аударыңыздар, тазартқаннан кейін шеберлерге фреон мөлшерін өлшетпеңіздер. Олар оны әдейі ағызып жіберуден де тайынбайды, өйткені сіз оларды қайта шақыруыңызға тура келеді ғой.
Тамара СУХОМЛИНОВА (Facebookтегі жеке парақшасынан)