Атыраудағы әйелдер түзеу колониясында сотталғандардың туыстарына арналған «Ашық есік» күні өткізілді.
Бұл күні Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрының ұжымы мұнда «Қыздар-ай» спектаклін көрсетті. Одан бөлек, Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы тобының бас маманы Ерлан ДӘУЛЕТҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, сотталғандардың туыстарына олардың тұрмыстық жағдайлары (жатын орындары мен асхана т.б.) таныстырылды.
Шара соңында УГ-157/11 мекемесі бастығының м.а. әділет майоры Жанна ДАНГИЕВА бәріне ризашылығын білдіріп, драма театр ұжымына алғыс хат және бағалы сыйлықтар табыс етті.
Айнұр САПАРОВА