Атырау, 28 қараша 12:45
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Дарынды математиктер

3 740 просмотра

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның жас математиктері жазда да өздерінің сүйікті пәнін оқыды. Және «Шексіз математика» халықаралық турнирінің жеңімпаздары атанды.

Гимназияда ағылшын тілі мен математиканы оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мұғалімдер бастауыш сыныптардан бастап математикалық қабілеттері ерте дамыған балаларды қалалық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстар байқауларына дайындайды. Осыған байланысты гимназия халықаралық жарыстарда қатысуға шақырту алды.

2-11-ші сыныптарда оқитындарға арналған турнир төрт турдан тұрады: үшеуі оқу жылы кезінде қатысушылар тұратын елде сырттай өткізетіндері және біреуі іштей өтетін финалдық тур – ол Болгарияда және Қазақстанда өтеді. ҚР-дағы «Шексіз математика» турнирінің өкілдері болып Innovation ғылыми-білім беру орталығы саналады.

– Сырттай турларға қатысушыларға 20 тестілік тапсырманы орындау ұсынылады: олар 10 тапсырмаға жауап таңдау керек және 10 тапсырмаға өзінің еркін жауабын беру керек. Орындау уақыты 60 минуттан аспайды. Тапсырманы дұрыс шешкені үшін бір балл қосылады. Тапсырма үшін максималды балл – 20 балл. Барлық қатысушылар сертификаттар алады, жүлделі орын алғандарға медальдар беріледі. Бұл турнирде біздің 2-ші және 4-ші сыныптардан 16 оқушы қатысты. Олардың көбі жүлделі орындар алды, – дейді балаларды дайындаған гимназияның бастауыш мектебінің мұғалімі Эльмира ИСМУХАНОВА.

Турнир финалы әдеттегідей Болгарияда өтеді, қаржылық қиындықтарға байланысты байқау ұйымдастырушылары шешуші жарысты Алматыда өткізді. Балалар мен педагогтардың пікірлеріне қарағанда, финалда тапсырмалар өте күрделі болған, өйткені оларды кәсіби мамандар әр түрлі елдерде жас ерекшеліктері бойынша сабақтарда оқытылатын материалдың мазмұнын ескере отырып, құрастырған. Ал финалдық, төртінші турда жеке жарыстардан бөлек, командалық жарыстар өтеді.

Қажырлы күрес барысында 2-сынып оқушысы Ролан АХМЕТ пен 4-сынып оқушысы Виолетта СВЕТЛЫХ екінші орын алды, ал 2-сынып оқушысы Мадина САНИЕВА үшінші орын алды. Командалық жарыстарда 4-сынып оқушылары Мадияр НИЯЗБАЙ мен Эльхан РАМАЗАН күміс, Жанель ЖАМБЫРБАЙ қолаға ие болды.

Турнирдің халықаралық деңгейін, бәсекелестерінің жоғары дайындықпен келгенін және тапсырмалардың күрделілігін ескере отырып, балаларды жетістіктерімен құттықтап, оларға осы қалыптарыңнан таймаңдар, деп тілейміз.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

1 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.