Атырау, 27 қараша 09:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Отунбаева Атамбаев өзі туралы сөйлеп тұрғанда сахнадан кетіп қалды

1 840 просмотра

Фото: Аzattyq.orgҚырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаева (суретте) Бішкекте Тәуелсіздік күніне орай президент Алмазбек Атамбаев сөйлеп жатқан кезде сахнадан кетіп қалды деп хабарлайды Азаттық.

"Революциядан соң біз Отунбаеваны іс жүзінде заңдастырдық, бұл дұрыс болды. Алғашқы кездесуден-ақ мен уақытша үкіметті құруға қарсы болдым. Конституцияны асығыс түрде өзгертуге қарсы болдым. Парламент Отунбаеваны спикер етіп сайлауға дайын болды. Мүмкін, бұл жол анағұрлым легитимді әрі қантөгіс аз болар ма еді" деді Атамбаев Бішкектің орталық алаңында.

"Егер сіздер Роза Отунбаеваны ұмытқан болсаңыздар, біз жаңа конституция қабылданған соң қандай бейберекет болғанын, конституция қабылдана салысымен парламентте ауыздарыңызға қалай қақпақ қойылғанын жақсы білеміз. Себебі бұл конституцияда бейберекеттікке себеп болатын барлық себеп бар" деді Қырғызстан президенті.

Бұдан соң Роза Отунбаева алаңнан кетіп қалды.

Дереккөз: Аzattyq.org

31 тамыз 2016, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.