Атырау, 20 сәуір 06:21
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеді

2 038 просмотра

Фото: аzattyq.org Бішкектің орталық алаңында бүгін Қырғызстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әскери парад өтеді. Парадқа бір жарым мыңнан астам әскери қызметкер қатысып, әскери техника мен авиация көрсетіледі. Әскери парад Ош қаласында да өтеді. Бүгін сонымен қатар ел көлемінде тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған шаралар болады,- деп хабарлады Азаттық.

Қырғызстан тәуелсіздігін 1991 жылы 31 тамызда жариялаған. Елді алғаш президент Асқар Ақаев басқарып, ол 15 жылдан соң - 2005 жылы төңкеріс нәтижесінде биліктен кетірілді. Сол жылы Қырғызстанның екінші президенті болып Құрманбек Бакиев сайланған. Ол да 2010 жылы халық толқуы мен төңкерістен биліктен тайдырылды.

2010 жылы 27 маусымда бүкілхалықтық референдумда уақытша үкіметті басқарып тұрған Роза Отунбаева келесі президент сайлауына дейін мемлекет басшысы болып сайланған. 2011 жылдан бері Қырғызстанды Алмазбек Атамбаев басқарады.

Дереккөз: Аzattyq.org

31 тамыз 2016, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.