Атырау, 27 қараша 09:28
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +5
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Өзбекстанда Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шаралар кейінге қалдырылды

2 021 просмотра

Өзбекстанда ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 31 тамызға белгіленген салтанатты шаралар кейінге қалдырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты BBC орыс қызметіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, алдыңғы жылдары Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов әдетте жұртшылықтың алдына шығып, халқын осы мерекемен құттықтайтын. Алайда таяуда ауыр жағдайда ауруханаға түсті.

Алайда басылым мерекелік іс-шаралардың Өзбекстан президентінің ауырып қалуына байланысты кейінге қалдырды ма, жоқ па - ол жағын нақтыламайды. Кәрімовтің басына миына қан құйылып, жансақтау бөлімінде жатқанын оның кенже қызы Лола Кәрімова-Тилляева 29 тамызда хабарлаған болатын. Сол күні Орталық Азияның орыс тілінде хабар тарататын "Ферғана" ақпарат агенттігі Кәрімов 29 тамызда сағат 15-16 шамасында қайтыс болды деген жаңалық таратты. Кейін бұл мәліметті Өзбекстан әкімшілігіндегі дереккөздер жоққа шығарды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

31 тамыз 2016, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.