Атырау, 28 наурыз 23:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Лолита Атырауда өткен тойда ән шырқап, екі кілем сатып алды

5 981 просмотра

«Ақ Жайық» редакциясына Атыраудағы кілем дүкенінде тұрған Лолита МИЛЯВСКАЯНЫҢ фотосуреті келіп түсті.

Image 0

Танымал әртіс әрі тележүргізуші, біз анықтағандай, бұрын облыс әкімінің орынбасары болған, қазір Астанада жұмыс істейтін шенеуніктің қызының тойына келген. Милявская қазақстандық және ресейлік әртістер тобымен бірге келген. Олар - Роза РЫМБАЕВА, Дильназ АХМАДИЕВА, Стас ЯРУШИН жәнеАрарат КЕЩАН (соңғы екеуі біздің жас оқырмандарымызға «Универ» телесериалы арқылы таныс болуы керек). Әртістердің құрамына қарағанда, шара іш пыстыратындай болмағанға ұқсайды.

Лолита мұнайлы астанада болған аз уақыттың ішінде шығыс кілемдерін көргісі келген соң, оны «Баян-сұлу» дүкеніне алып келді. Әртіс Ираннан әкелінген екі үлкен жібек кілеміне қызыққан. Бұл кілемдерді оған бағасын көп түсіріп, 500 мың теңгеге сатқан (бұл шамамен 1500 АҚШ долларын құрайды).

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

30 тамыз 2016, 22:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.