Атырау, 28 қараша 13:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Туберкулезбен ауыратын науқастар тот басқан су ішкен

2 147 просмотра

Өткен аптада әлеуметтік желілерде Ганюшкино аудан орталығындағы өкпе ауруларына қарсы аурухананың емделушілері сумен жабдықтау жүйесін тек белгілі бір сағаттарда ғана қосатындықтан суды бес литрлік баклажкаларға толтырып, тот басқан сарғыш суды ішіп отырғаны туралы бейнежазба орналастырылған болатын.

«АЖ» тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне тексеру жүргізу туралы ресми сауал жолдады. Департамент басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИННІҢ қолы қойылған жауапта былай делінген: «26 тамызда біздің мамандар М.Ғилаев атындағы аудандық өкпе ауруларына қарсы стационарда жоспардан тыс тексеру жүргізді. Стационар ауыз суды өз резервуарына (20 текше) «Айседенов» ШҚ-ның сенімгерлік басқаруындағы Жұмекен ауылында ораналасқан су тазарту қондырғысынан алатыны анықталды. Стационарда суды кестеге сәйкес сағаттап беру жүзеге асырылады. Тексеру резервуарды тазалау жүргізілмегенін анықтап отыр. Резервуар ішін тот басқан. Бактериялогиялық және химиялық көрсеткіштерге сынама алынды, нәтижелері әлі шыққан жоқ. Бүгінде аудандық өкпе ауруларына қарсы стационардың бас дәрігеріне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылды».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 тамыз 2016, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.