Атырау, 28 қараша 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Конституцияны жатқа айтып, грант жеңіп алды

2 654 просмотра

29 тамыз күні Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ Конституция Күніне орай өткен жиналыста АМУ-дың 4-курс студенті Ақнұр НҰРТАЕВАҒА білім беру грантының сертификатын тапсырды.

«Экономика және құқық» факультетінің 4-курс студенті Атырау облысының әкімдігі жастар арасында ұйымдастырған «Сен Конституцияны жатқа білесің бе?» байқауының жеңімпазы атанды. Байқау барысында қатысушылар Конституция бабтары көрсетілген жетон таңдап, сол бапты толық айтып беруі тиіс болатын. Ақнұр еліміздің Ата заңымыздың 70 бабын жатқа білетін болып шықты. Енді ол соңғы курсты мемлекет есебінен оқитын болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 тамыз 2016, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.