Фото: pricom.kzБелгілі журналист, облыстық телерадио компаниясының бұрынғы төрағасы Айтқали НҰРҒАЛИЕВ 70 жасқа толды.
Оның біздің атыраулық БАҚ-рын дамытуға қосқан үлесін бағалау қиын, өйткені, ол ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмәмдаған соң тілші, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып жұмыс жасады, ал, кейін арасында өзі де жүргізуші ретінде эфирге шыға жүріп, жергілікті телевидениені қалыптастыруға үлес қосты. Оның бастамасымен Қазақстанда, атап айтқанда, Атырауда алғаш рет аймақтық деңгейде өз көркем телесериалдарын түсіріп, көрсету басталды!
Табиғатынан демократ, жаңашыл дәл осы Айтекеңнің бір ауыз сөзге келместен сонау 91-жылы «АЖ» редакциясына (сөз реті келгенде айта кетелік, жалға алу ақысын төлеп, мемлекетке зиян шектіргеніміз жоқ) Радио үйінен (қазіргі филормония ғимараты) орын беріп, бірнеше жыл паналатқаны да таңғаларлық емес.
Бүгінгі күні Айтекеңді қызықты сұхбаттасушы, керемет шешен деп қадір тұтатын журналистердің жолы болды, өйткені ол «Атырау-Ақпарат» ЖШС кеңесші ретінде өз тәжірибесін үйретуде. Мерей жасыңыз құтты болсын, Айтеке! Сізге жаңа шабыттар тілейміз.
«АЖ» редакциясы