Атырау, 29 наурыз 14:42
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Кезекті газ шабуылы және резерваттан келген түтін

3 299 просмотра

29 тамыз күні редакцияға таңертеңнен бері газ бен нәжіс иісіне шағымданған қала тұрғындары көп болды. «АЖ» облыстың экология департаментіне тексеру жүргізіп, кінәлілерді жазалау туралы өтінішпен ресми сауал жолдады.

Ал осы түні «белгісіз болып қалуды қалаған» кәсіпорын жақтан келетін шығарындыларға «Ақжайық» мемлекеттік резерваты жақтан жел алып келген түтін қосылды.

Облыстың ТЖД кезекшісі хабарлағандай, 28 тамыз күні сағат 16-да резерваттың жетуге жолы қиын бұрыштарының бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Тұтану алаңын анықтау мүмкін болмады. Түнде өрт резерват қызметкерлерінің күшімен сөндірілді деген хабарлама келді. Таңға жақын ол қайта тұтанды.

Бұл фотоны бүгін таңертең куәгер жолдады. Айналма көпірден қаланы қою қара түтіннің жапқаны көрініп тұр.

Мурат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Фотоны «АЖ» оқырманы жолдады

29 тамыз 2016, 13:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.