Атырау, 28 қараша 12:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

«Қазір қорқынышты. Басыңнан бір қояды, сосын шаруаң бітті дей бер»

Сурет Бейнежазба
7 248 просмотра


«АЖ»-ның электронды почтасына қала шетіндегі Ақжар-2 поселкесінің тұрғындары атынан жалына көмек сұраған хат келіп түсті. Олардың айтуларынша, олардың мазасын жазасыз ұрылар алып біткен.

САҚ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ, ТАҢБА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

«Біз Ақжар-2-нің 16-шы көшесінде тұрамыз. Бұл поселкеде жақында ғана салынған жеке үйлер көп, салынып бітпеген, салынып жатқан үйлер көп. Бірақ адамдар салынып бітпеген үйлерде тұрып жатыр және мүмкіндіктерінше біртіндеп құрылысын аяқтап жатыр.

Біз үйімізде бір тәулік болмап едік, қайтып келсек, бізді тонап кетіпті. Және бұл Ақжар-2-де бірінші рет емес, жиі қайталанып отыр, басқалардан сұрап көріңіз. Бір банда салқынқандылықпен және шапшаң қимылдайтыны көрініп тұр: олар жылу радиаторларын шешіп алып, газ плиталарын, кір жуғыш машиналарын алып кетуде, едендерді, есіктерді ұрлап, үйді асықпай қопарып, бар мүлікті шығарады. Теледидарларды, кілемдерді, тоңазытқыштарды айтпағанда. Бәрін алып кетіп жатыр, тіпті ұрлауға тұрмайтын заттарды да. Бір түннің ішінде ұрлап үлгеріп жатыр, ептілікпен, шапшаң, артында із қалдырмастан. Біз үйге қажеттіні сатып алу үшін өзімізден аяп артық ақша шығармай, маңдай терімізбен тапқан табысымызға алған бүкіл мүліктерімізді ұрлап кетіп жатыр. Біз бәрін несиеге алып салғанбыз, сатып алғанбыз. Полиция шақырттық. Ал, полиция не? Олар әрекетсіз отыр. Бұл ұрылар біздің поселкеде бір күн емес, жыл бойына ұрлыққа түсіп келеді ғой. Міне, біздің көшеге де келіп жетті. Оншақты үй зардап шекті. Әлде бұл полицияның жұмыс ісетуі үшін түрткі емес пе? Ұрлықтың жолға қойылған схемасы көзге көрініп тұрған жоқ па? Сонда біз үнемі үйді күзетіп, іссапарларға, туыстарға бармай, ұры түспесін деген қорқынышпен өз үйлерімізді иесіз қалдырмауымыз керек пе? Бізді кім қорғау керек, қылмыскерлерді жазалап, ұрланған заттарды кім қайтарады? Неге полиция жұмыс істемейді? Әлде ұрылардың ештеңеден қорықпай келіп, ұрлап, кетіп қалуы норма болғаны ма?».

Біз оқиға орнына келіп жеттік. Поселкеге кіре берісте бізді 16-шы көшенің тұрғыны Аман ЕСМҰРАТОВ күтіп алды. Біз оның үйне бара жатқанда ол бізге үйін 2011 жылдан бері салып жатқанын айтты:

- Бұл оңай шаруа емес. Бүкіл отбасымызбен бірге тиын-тебеннен жинап, біртіндеп үйді тұрғызып келеміз. Мен қазір жұмыссызбын, сондықтан үйді қашан толық бітіре алатынымызды білмеймін. Бірақ, оны қалай бітіресің, егер поселкеде үнемі ұрылар тобы жүрсе? Бірнеше ай бұрын менің 8 қап цементімді ұрлап кеткен. Ешкімді іздемеді, полиция бұл дәлелденбейтін іс деді.

Ал жақында мен үйде үш күн болмадым, келсем, абдырап қалдым, үйге кіретін есіктің құлпы бұзылған, есік айқара ашық тұр, үйдің астан-кестеңі шыққан.

Шақырылмаған қонақтардан кейінгі үйдің іші расында да адам көргісіз еді. Барлық бөлмелерде киімдер шашылған. Ұрылар бағалы заттарды іздегені көрініп тұр.

- Мен мұнда ақша ұстамаймын. Соған қарамастан олар электр генераторын, жаңа газ плитасын, құрылыс құрал-саймандарын алып кеткен. Жылу радиаторын шешіп алуға тырысқан, бірақ оларды бір нәрсе үркітіп жіберген болуы керек немесе олар радиатарды шешіп ала алмастан кетіп қалған, - деп әңгімелейді Аман. – Полиция шақырттым. Келді, көріп шықты, саусақ таңбасын алуға тырысып еді, олар болмай шықты. Бұл банда мұнда әуелден бері ұрлыққа түсіп жүр. Бос тұрған үйлерден құрылыс материалдарын алып кетіп жатыр. Ал, қалғандарын сырттай бақылап жүреді. Әйтпесе, дәл үйде жоқ кезінде ұрлыққа түсетінін қалай түсіндіруге болады? Егер шынымды айтсам, менің үйімді тонаған кезде мұнда қалу қорқынышты бола түсті. Үйге кірісімен басыңа бір қояды да болды, шаруаң бітті дей бер.

БОКС ҚОЛҒАБЫН ДА АЛЫП КЕТТІ

Осыдан сәл бұрын көрші тұрған үйді де тонаған. Сол үйде күйеуімен және күйеуінің туыстарымен бірге тұрып жатқан Маржан ҚАРАҚОЙШИЕВА былай дейді:

- Үйде сол күні ешкім болмаған. Және дәл сол түні ұрылар үйге пластик терезені ығыстырып ашып кіріп отыр ғой. Үйден бүкіл затты алып кеткен, теледидар, кір жуғыш машина, телефондар, планшеттер. Тоңазытқышты қалдырған, бірақ азық-түлікті алып кеткен. Бүкіл шкафтар мен жәшіктерді ақтарып шыққан. Полиция шақырттық. Ұрыларды таба ма белгісіз. Саусақ таңбаларын таппады. Полиция ұрылар құрылыс қолғабын кигенін айтады. Көршілер ешкімді көрмеген, ештеңе естімеген.


Тағы да зардап шегішулерді ұзақ іздеуге тура келген жоқ. Көрші тұрған келесі бір үй де сол уақытта тоналған. Бізді сол үйдің иесі Маржан НҰРҒАЛИЕВА қарсы алды. Ол өзінің күйеуімен және балаларымен бірге мұнда үш ай бұрын қоныстанған.

- Әуелі көршілерді тонаған, біп аптадан соң біздің үйді, яғни, біз кетіп қалған күні түнде. Терезе арқылы ас үй бөлмесіне кіріп, жарда ілулі тұрған теледидарды шешіп алған, ТВ тұғырын алып кеткен, - деп әңгімелейді Маржан. – Жатын бөлмедегі шкафта бізде тұрмыстық техниканың қораптары тұр, біз онда ыдыс-аяқтарды сақтаймыз. Соның бәрін ашқан, онда бағалы заттар бар деп ойлаған шығар. Ыдысты алмапты. Бір қораптан электр шәйнегін тауып алған, асығып жүргенде ме, әлде түсіріп алды ма, әлде ұмытып кетті ме, шәйнек қорабымен бірге көшеде жатты. Бұрғыны алып кетіпті. Спорттық дорбада күйеуімнің бокс қолғабы болатын, оларды да алып кетіпті. Менің бижутериямды да алып кетіпті, оларды қымбат дүние деп ойлаған шығар. Жалпы айтқанда бізді үш жүз мың теңгеге тонап кетті. Көршілерде секілді полиция саусақ таңбасын таппады. Енді үйде қалу қорқынышты. Бірақ қайда барамыз? Күйеуім түнгі ауысыммен жұмыс істегенде, бізге үйге түнде қонуға ағамыз келеді. Бірақ, бұл қашанғы жалғаспақ? Бұл тығырықтан шығар жол емес қой?

Осы сынды мысалдар көп болды.

Біз полицияға түсінік алу үшін бардық, тірек пунктінен де, Атырау қаласының ІІБ-нан да жауап ала алмадық. Бізге олар басшылықтың қалада жоқ екенін айтты. «АЖ» ҚІІБ басшысына сауал жолдадық.

…Мен ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің интерактивті ресурстың құқықбұзушылық картасына көз жүгірттім (http://service.pravstat.kz): Атырауда және қала іргесінде тамыздың басында 385 тонау оқиғасы тіркеліпті. Жыл басынан бері – 3 456 тонау оқиғасы тіркеліп отыр.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

29 тамыз 2016, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.