Фото: TwitterБрюссельдің қала маңында орналасқан Ұлттық сот сараптамалық институтында жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты ВВС-ге сілтеме жасап.
Жарылыс салдарынан қаза тапқандар жоқ, алайда институт ғимаратына біраз залал келтірілген.
Жарылыс жергілікті уақыт бойынша шамамен 2:00-де болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір немесе бірнеше адам көлікпен Институттың қақпасын бұзып тұраққа кірген. Осыдан кейін жарылғыш затты зертхананың жанында іске қосқан.
Бельгияда террорлық қауіптің деңгейі үшіншіден түспей отыр, себебі наурыз айында Брюссель әуежайына жасалған шабуылдың салдарынан 34 адам қаза тапқан болатын.
Дереккөз: Tengrinews.kz