26 тамызда тергеу судьясы Г. ИБРАШЕВА Атыраудағы тергеу абақтысында тергеудегі қоғам белсенділері Талғат АЯН мен Макс БОҚАЕВТЫҢ бұлтартпау шарасы бойынша көшпелі отырысты өткізді.
Естеріңізге салсақ, 5 тамызда облыстық соттың апелляциялық алқасы №2 Атырау қалалық сотының екі айға қамау мерзімін тағы бір айға, яғни, 31 тамызға дейін созу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Мерзім аяқталып келеді, ал мұнда істі жаңадан қарастыруда. Белсенділерді сотқа дейін түрмеден босататынын ешкім елестетпеген болар, десек те, бұл жолы адвокаттар (олармен бірге бұрынғысынша қамаудағылардың туыстары мен аздаған қолдау тобы келді) елімізге белгілі адамдар Гүлжан ЕРҒАЛИЕВА, Мұхтар ТАЙЖАН, Бахытжан ТӨРЕҒОЖИНА, Ерлан БАШАҚОВ және басқаларының қолы қойылған кепілдік хатымен қаруланып келген.
Отырыс таңғы сағат 10-да басталды. Түске қарай құқыққорғаушылардан сот бірқатар шағымдар мен өтінішхаттардың, әсіресе созылмалы вирусты гепатитпен ауыратын Макс Боқаевты тексеруден өткізу және медициналық күтім жөніндегі және медициналық бөлімнен оның амбулаториялық кәртішкесін сұрату туралы өтінішхаттарды қанағаттандырудан бас тартылғанын білдік.
Ал кешке жақын екі белсендіні қамауда ұстау мерзімі тағы бір айға созылғаны белгілі болды.
Марат ТАКУЛИН
Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор