Атырау, 4 мамыр 17:29
 ашықВ Атырау +11
$ 444.14
€ 477.05
₽ 4.85

Оқиғалар тізбегі

2 514 просмотра

20 тамыз күні кеште Атырау қаласының 37 жастағы тұрғыны полицияға Сәтпаев даңғылында тұрған өзіне тиесілі «Хюндай Акцент» автокөлігін 32 жастағы танысының ұрлап мініп кеткендігін мәлімдеген. Бейнекамералар көмегімен көліктің қозғалысы анықталып, қашқынды сол Сәтпаев даңғылында қолға түсірген. Тергеу жүргізілуде.

***

21 тамызда түнде Азаттық даңғылында полиция 27 жастағы Атырау қаласының тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Тойота Камри» автокөлігін тоқтатады. Жүргізушінің тиісті құжаттары болмай шыққан және мас күйде болған. Құжаттарынан 2014 жылы 5 жыл мерзімге айырылған.

***

21 тамыз күні Сатыбалдиев көшесінде полиция «Инфинити» автокөлігін тоқтатқан, 28 жастағы жүргізуші мас күйде болған, ал құжаттарынан 2015 жылы наурызда үш жыл мерзімге айырылған болып шықты.

***

Криминальды полиция 40 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады. Ол 21 тамызға қараған түні бұзақылықпен Азаттық даңғылында тұрған екі автокөліктің терезе әйнектерін сындырған.

25 тамыз 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.